Меню KDT

книга   Өзекті
линия


         Онлайн-мектеп
  


загрузите изображение

block2_eop.jpeg?_=1592821338

Петропавл қаласының білім беру ұйымдарында күзгі-қысқы кезеңде сабақты тоқтату туралы

№ 323 от 29.10.2025 ж.
Петропавл қаласының білім беру
ұйымдарында күзгі-қысқы кезеңінде
сабақтарды тоқтату және қашықтықтан
оқыту режиміне ауыстыру туралы
 

 

 «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының   55-бабы 2) тармақшасына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 27 қарашадағы № 349 бұйрығымен бекітілген «Орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында, оның ішінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларында, сондай-ақ тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде (жекелеген объектілерде) төтенше жағдай, шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілген, төтенше жағдайлар жарияланған кезде қашықтан оқыту бойынша және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында онлайн-оқыту нысанында оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын, сондай-ақ қашықтан оқытуды ұсыну бойынша білім беру ұйымдарына қойылатын талаптарын бекіту туралы ережелерінің»                             3-тамағына және оқу жылы кезеңінде қолайсыз ауа райы жағдайында білім алушылардың қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтау мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

  1. Петропавл қаласының білім беру ұйымдарында облыстың географиялық, климаттық жағдайларына сәйкес, сондай-ақ білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, желдің жылдамдығын ескере отырып, келесі температуралық шектерде сабақтарды тоқтату немесе/және қашықтықтан оқыту режиміне ауыстыру үшін, білім беру ұйымдарында сабақтар тоқтатылатын және қашықтықтан оқыту режиміне ауыстырылатын қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері (көктайғақ, боран, тұман, қар немесе нөсер жаңбыр түріндегі мол жауын-шашын, бұршақ, дауылды жел және шаңды дауыл) бекітілсін:

-   тәрбиеленушілер мен 0-4 сынып оқушылары үшін секундына 2м (бұдан әрі  м/с)жәнеодан жоғары жылдамдықтағыжелкезінде-25о С және одан төментемпературада;

-  тәрбиеленушілер мен 0-9 сынып оқушылары үшін 2 м/с және одан жоғары жылдамдықтағы жел кезінде -27о С және одан төмен температурада;

-  тәрбиеленушілер мен 0-11 сынып оқушылары үшін  2 м/с және одан жоғары жылдамдықағы жел кезінде -30о С және одан төмен температурада.

Желдің жылдамдығы 2 м/с және одан жоғары болғанда температуралық шегі -5о С-ге артады.

  1. Бірінші ауысым үшін – 6.45-тен 7.30-ға дейін, екінші ауысым үшін-11.15-тен 12.00-ге дейін ата-аналар қолайсыз ауа райы метеожағдайларында сабақтарды тоқтату және қашықтықтан оқыту режиміне ауыстыру туралы хабардар етілсін.
  2. .Жалпы оқыту жөніндегі  бас маман  Ә.Ш. Шотпаева:

-  осы бұйрықты Петропавл қаласының барлық мектептеріне жеткізсін және білім бөлімінің сайтына орналастырсын.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау басшының орынбасары                                 Г.Қ.Ыбыраеваға жүктелсін..

 

Негізі: «СҚО әкімдігінің білім басқармасы» КММ 2025 жылғы  24 қазандағы    № 1470 бұйрығы.

 

 

Бөлім басшысы
Д. Рақышева