
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 55-бабы 2) тармақшасына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 27 қарашадағы № 349 бұйрығымен бекітілген «Орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында, оның ішінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларында, сондай-ақ тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде (жекелеген объектілерде) төтенше жағдай, шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілген, төтенше жағдайлар жарияланған кезде қашықтан оқыту бойынша және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында онлайн-оқыту нысанында оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын, сондай-ақ қашықтан оқытуды ұсыну бойынша білім беру ұйымдарына қойылатын талаптарын бекіту туралы ережелерінің» 3-тамағына және оқу жылы кезеңінде қолайсыз ауа райы жағдайында білім алушылардың қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтау мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
- тәрбиеленушілер мен 0-4 сынып оқушылары үшін секундына 2м (бұдан әрі м/с)жәнеодан жоғары жылдамдықтағыжелкезінде-25о С және одан төментемпературада;
- тәрбиеленушілер мен 0-9 сынып оқушылары үшін 2 м/с және одан жоғары жылдамдықтағы жел кезінде -27о С және одан төмен температурада;
- тәрбиеленушілер мен 0-11 сынып оқушылары үшін 2 м/с және одан жоғары жылдамдықағы жел кезінде -30о С және одан төмен температурада.
Желдің жылдамдығы 2 м/с және одан жоғары болғанда температуралық шегі -5о С-ге артады.
- осы бұйрықты Петропавл қаласының барлық мектептеріне жеткізсін және білім бөлімінің сайтына орналастырсын.
Негізі: «СҚО әкімдігінің білім басқармасы» КММ 2025 жылғы 24 қазандағы № 1470 бұйрығы.
Бөлім басшысы
Д. Рақышева
