«Фигурная гармония» фестивалі — геометрия өнер ретінде!
Осы аптада «№7 орта мектеп» КММ-де «Фигурная гармония» атты геометриялық суреттер фестивалі өтті. 5–6 сынып оқушылары өздерінің шығармашылық жұмыстарын ұсынып, геометрияны нағыз өнерге айналдырды!
Әр сурет — дәлдік, қиял мен ерекше көзқарастың үйлесімі. Жұмыстар түрлі техникада орындалып, креативтілігімен таң қалдырды.
Барлық қатысушыларға шабыт пен белсенділік үшін алғыс айтамыз! Бұл — тек бастамасы, алда әлі талай жарқын жобалар күтіп тұр!