Ақпанның 12 сі ҚББ жоспары бойынша Сафуан Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназияның бастауыш сынып мұғалімі педагог-шебер санатты ұстаз Абуева Райса Турлыбековна "Оқу әдістемелік кешенді құрастыру әдістемесі" тақырыбында шеберлік сынып көрсетті.
Мақсаты: ОӘК жобалау кезеңдерімен таныстыру. Оқу әдістемелік кешенді білім беру процесіне енгізу шарттарымен таныстыру. Педагогтің кәсіби өсуі мен оқу-әдістемелік кешенді әзірлеу жетілдіру арқылы зерттеушілік қабілеттерін арттыру.
Шеберлік сынып аясында, ағылшын пән мұғалімі Айнұр Қайыржанқызымен кіріктірілген сабақ көрсетілді. Орта буын мұғалімдерімен сабақтастықты көрсету мақсатында Исина Асель Сановна заманауи тренингтер жүргізді.
Шеберлік сынып қорытындысында қала мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдері оң бағасын берді.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау