27.01.2025 жылы №7 орта мектептің оқушылары «Қызыл кітап» тақырыбында викторина өткізді. Мен және менің командам оқушыларды экологиялық мәдениетті дамытуға шақырдық.
Іс-шара барысында оқушылар сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктер туралы қызықты мәліметтер біліп, өз білімдерін тексерді.
Біз әр адамның табиғатты қорғауға өз үлесін қоса алатынын көрсеттік. Осындай бастамаларды жалғастырып, өзгелерді шабыттандыратын боламыз! Погосян Нарине 9 «Б»