Меню KDT

введите текст

введите текст

книга   Өзекті
линия


         Онлайн-мектеп
  


загрузите изображение

block2_eop.jpeg?_=1592821338
<

введите текст

Список пуст


  

                                                              Жарияланған күні:2025 ж. 29.05

Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға арналған конкурс

 

Конкурстық рәсімдерді өткізу мерзімі ресми интернет-ресурста конкурс өткізу туралы хабарландыру мәтіні орналастырылған күннен бастап 25 (жиырма бес) жұмыс күнін құрайды, өтініштерді қабылдау «СҚО әкімдігінің білім басқармасы» КММ «Петропавл қаласының білім бөлімі» КММ хабарландыру жарияланған күннен басталады.

    Конкурсқа кем дегенде бір жыл мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету саласында жұмыс тәжірибесі бар және келесілерді қамтамасыз ететін ұйымдар қатысуға жіберіледі:

1) № 385 бұйрықпен бекітілген әлеуметтік-педагогикалық сыныптамаға сәйкес дамуындағы бұзушылықтар (есту, көру, тірек-қимыл аппараты, интеллект, сөйлеу қабілеті бұзылған, психикалық дамуы тежелген, қарым-қатынас және әлеуметтік өзара іс-қимылдың бұзылуы немесе қиындықтары (аутизм спектрінің бұзылуы), күрделі (біріктірілген) бұзылулары бар балалар) санаттары бойынша орындар саны осы қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішке сәйкес (әрі қарай  – Өтініш);

2) «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығына сәйкес шарттар (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23890 болып тіркелді) ( әрі қарай – Санитарлық ережелер);

3) «Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығына сәйкес шарттар (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелді) (әрі қарай – Өрт қауіпсіздігі ережелері);

4) Төтенше жағдайлар туындаған кезде ескерту (дабыл түймесінің, автоматты хабарлау жүйесінің, оның ішінде ішкі дауыстық хабарлау жүйесінің болуы);

5) «Террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыруға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 305 қаулысына сәйкес терроризмге қарсы қорғау (бейнебақылау жүйесінің болуы);

 6) ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы № 4 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26618 болып тіркелген) сәйкес ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған арнайы жағдайлар, Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және № 385 бұйрықпен бекітілген арнайы білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларының 4-тарауына сәйкес арнайы психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыру;

7) мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сонымен қатар арнаулы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы №70 бұйрығына сәйкес жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13272 болып тіркелді);

8) Санитариялық қағидаларға сәйкес медициналық қызмет көрсету және алғашқы медициналық көмек көрсету;

9) «Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығына сәйкес тиісті бейін бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар педагогикалық құраммен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5750 болып тіркелді) және  «Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгілік штаттарын бекіту туралы»Қазақстан Республикасы ағарту министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 21 шілдедегі № 224 бұйрығына сәйкес штат саны (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33166 болып тіркелді);

10) № 12 бұйрыққа сәйкес мемлекеттік сатып алу веб-порталында тіркеу.

Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға үміткер ұйымдар электрондық форматта (ptr@sqo.gov.kz электрондық пошта мекенжайы) немесе қағаз түрінде хабарландыру орналастырылған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынады.

1) өтініш;

2) ұйым басшысының қолымен расталған бейнебақылау камераларын, дабыл батырмасын және дауыстық хабарлауды орналастыру схемасы;

3) Санитариялық қағидаларға сәйкес медициналық қамтамасыз етуді жүзеге асыруға арналған аумақтық алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымымен шарт;

4) педагогикалық немесе бейіндік білімі бар педагогтердің белгіленген үлгідегі білім туралы штат кестесінің және құжаттарының көшірмелері;

5) құқықтарды мемлекеттік тіркеу жүргізілгені туралы белгісі бар құқық белгілейтін құжат мемлекеттік білім беру тапсырысын игеру мерзімі аяқталғанға дейін жалға алу, өтеусіз пайдалану, сенімгерлік басқару шартының қолданылу мерзімі бар жылжымайтын мүлікке немесе жалға алу, өтеусіз пайдалану, сенімгерлік басқару құқығын растайтын құжат.

Петропавл қаласының білім бөлімі құрған комиссия мемлекеттік электрондық ақпараттық жүйелер арқылы алынған келесі құжаттардың бар-жоғын және жарамдылығын тексеруді жүзеге асырады («электрондық үкімет»  www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы):

1) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы анықтамалар және/ немесе қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама;

2) медициналық қызмет көрсетуге шарт болмаған кезде медициналық қызметке лицензиялар;

3) ұйымның санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды;

4) конкурсқа құжаттар берілгенге дейін бір ай мерзімнен ерте емес күнмен мемлекеттік кіріс органдарында есепке алу жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер.

Өткізу уақыты 2025 жылғы 3 маусым сағат 15.00-де.

         Өтетін орны – «Петропавл қаласының білім бөлімі» КММ СҚО, ҚР  . Конституция Қазақстан көшесі,23, 301 каб.

         Анықтама үшін телефон: 8(7152) 46-32-59.

 


Үкіметте құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізді. Отырыс барысында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі мәселелері қаралды. Балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу және жасөспірімдер арасындағы қылмысқа, киберқылмысқа қарсы іс-қимыл, құқық бұзушылық профилактикасы саласында түсіндіру жұмыстары бойынша қабылданып жатқан шараларға ерекше назар аударылды, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Премьер-министр қоғамдық құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша жұмыстың маңыздылығын атап өтті.

«Президент заң мен тәртіп мемлекет пен қоғамның ең басты қағидатына айналуы керектігін айқындап берді. Бұл – Мемлекет басшысы саясатының басты негіздерінің бірі. Президенттің бұл тапсырмасын бұлжытпай іске асыру – барлық мемлекеттік органның, ең алдымен, құқық қорғау құрылымдарының міндеті. Полиция кез келген, тіпті кішігірім құқық бұзушылықтарға бірден ден қоюға тиіс. Бұл – құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудің бірден-бір жолы», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Мемлекет басшысы бекіткен 2024-2028 жылдарға арналған қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасын іске асыру барысы қаралды. Ішкі істер министрі Ержан Сәденов биыл 28 іс-шараның орындалғанын баяндады. Мәселен, Ұрлыққа қарсы іс-қимыл бойынша әзірленген бағдарлама олардың санын 29%-ға қысқартуға және қылмыстардың ашылу деңгейін 54,4%-ға дейін арттыруға мүмкіндік берді. Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бойынша салалық бөлімшелер құрылды. Енді отбасылық жанжалдарға шақырылған кезде жәбірленушілер туралы сауалнама толтырылады, 1 мың қасақана зәбір көрсетуші анықталып, оларға психокоррекциялық жұмыс жүргізілуде. Өз кезегінде, есепке алынғандарға қатысты электронды бақылау құралдарын қолдану қылмыстың қайталану қаупін 13%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік берді.

Балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу және жасөспірімдер арасындағы қылмысқа қарсы іс-қимыл шаралары туралы оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың баяндамасы тыңдалды. 2013 жылдан бері кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар саны 55%-ға азайған. Еліміздің мектептерінде бұзақылыққа қарсы 2 бағдарлама – KiVa және отандық ДосболLike әзірлемесі іске қосылды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша психологиялық қызметтің бірыңғай жүйесі әзірленді: бүгінде еліміздің барлық өңірінде 20 Қолдау орталығы жұмыс істейді. Биылғы 1 қыркүйектен бастап «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы іске қосылды. Сонымен қатар білім беру ұйымдарында жеке қауіпсіздік бойынша сабақтар өткізіледі.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек киберқылмысқа қарсы іс-қимылдың кешенді жұмысы шеңберінде 2024 жылы дербес деректерге қолжетімділікті бақылау мемлекеттік қызметі енгізілгенін айтты. eGov жүйесіндегі СТОП-несие функциясы іске қосылды, ол қарыздарды онлайн ресімдеуден бас тартуға мүмкіндік береді. Аталған функцияны бүгінде 1,4 милн-нан астам азамат пайдаланып үлгерді. Сонымен қатар, ұялы байланыс арқылы алаяқтыққа қарсы күресу алгоритмдерін әзірлеу бойынша жұмыс тобы құрылды.

Сондай-ақ Жамбыл және Атырау облыстарының әкімдері тыңдалды, олар «Бейнебақылау жүйелерімен жаппай қамту» жобалары, уақытша бейімдеу орталықтарын ашу және басқа да жобалар аясындағы жұмысты күшейту қажеттігін айтты.

«Біздің мақсатымыз – қылмыстың алдын алудың біртұтас жүйесін құру. Тұжырымдаманы іске асыру барысында үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктерді белсенді тарту қажет. Азаматтардың қауіпсіздік деңгейі біздің бірлескен жұмысымыздың тиімділігіне байланысты. ІІМ-нің есептерінен елімізде күн сайын ауыр қылмыстар, оның ішінде кісі өлтіру оқиғаларының орын алып отырғанын көріп жүрмін. Адам өліміне әкелетін жазатайым оқиғалардың көпшілігі мас күйінде болады. Биыл бұзақылық пен бандитизмге байланысты ел ішін шулатқан бірқатар оқиға орын алды. Жергілікті полиция қызметкерлері қауіп-қатерді анықтап, тұрғындар арасында алдын ала профилактикалық жұмыстар жүргізуі тиіс», — деп атап өтті Премьер-министр. Мәдениет және ақпарат министрлігіне мұндай жағдайларға дер кезінде ден қоюды, БАҚ пен әлеуметтік желілерде азаматтарды объективті түрде хабардар етуді тапсырды.

Отырыс қорытындысы бойынша Премьер-министр Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасын сапалы жүзеге асыру бойынша бірқатар тапсырма берді.

Құқық бұзушылықтың алдын алу аспектілерінің барлығын қамтуды кеңейту, азаматтардың қауіпсіз орта қалыптастыру үшін шешімдер қабылдау процесіне қатысу мүмкіндігін қарастыру, олардың іске асырылуын бақылау;

Жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу үшін кәмелетке толмағандарды оқуға, жұмысқа, қоғамдық өмірге қатысуға ынталандыру тетіктерін қалыптастыру;

Оқу-ағарту министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, қосымша шаралар әзірлей отырып, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу саласында іске асырылып жатқан іс-шаралардың тиімділігіне талдау жүргізу;

Ішкі істер министрлігіне есірткінің жаңа түрлері пайда болуын ескере отырып, тиісті бөлімшелердің жұмысын сыни тұрғыдан бағалап, есірткінің заңсыз айналымына қарсы күресті күшейту шараларын қабылдау;

Ішкі істер министрлігіне цифрлық технологиялардың кеңінен енуі алаяқтық санының өсуімен қатар жүретінін ескеріп, азаматтарды алаяқтардан қорғау бойынша түбегейлі шаралар қабылдау тапсырылды.

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь