Меню KDT

введите текст

введите текст

книга   Өзекті
линия


         Онлайн-мектеп
  


загрузите изображение

block2_eop.jpeg?_=1592821338
<

введите текст

Список пуст


  

                                                              Жарияланған күні:2025 ж. 29.05

Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға арналған конкурс

 

Конкурстық рәсімдерді өткізу мерзімі ресми интернет-ресурста конкурс өткізу туралы хабарландыру мәтіні орналастырылған күннен бастап 25 (жиырма бес) жұмыс күнін құрайды, өтініштерді қабылдау «СҚО әкімдігінің білім басқармасы» КММ «Петропавл қаласының білім бөлімі» КММ хабарландыру жарияланған күннен басталады.

    Конкурсқа кем дегенде бір жыл мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету саласында жұмыс тәжірибесі бар және келесілерді қамтамасыз ететін ұйымдар қатысуға жіберіледі:

1) № 385 бұйрықпен бекітілген әлеуметтік-педагогикалық сыныптамаға сәйкес дамуындағы бұзушылықтар (есту, көру, тірек-қимыл аппараты, интеллект, сөйлеу қабілеті бұзылған, психикалық дамуы тежелген, қарым-қатынас және әлеуметтік өзара іс-қимылдың бұзылуы немесе қиындықтары (аутизм спектрінің бұзылуы), күрделі (біріктірілген) бұзылулары бар балалар) санаттары бойынша орындар саны осы қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішке сәйкес (әрі қарай  – Өтініш);

2) «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығына сәйкес шарттар (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23890 болып тіркелді) ( әрі қарай – Санитарлық ережелер);

3) «Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығына сәйкес шарттар (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелді) (әрі қарай – Өрт қауіпсіздігі ережелері);

4) Төтенше жағдайлар туындаған кезде ескерту (дабыл түймесінің, автоматты хабарлау жүйесінің, оның ішінде ішкі дауыстық хабарлау жүйесінің болуы);

5) «Террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыруға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 305 қаулысына сәйкес терроризмге қарсы қорғау (бейнебақылау жүйесінің болуы);

 6) ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы № 4 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26618 болып тіркелген) сәйкес ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған арнайы жағдайлар, Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және № 385 бұйрықпен бекітілген арнайы білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларының 4-тарауына сәйкес арнайы психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыру;

7) мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сонымен қатар арнаулы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы №70 бұйрығына сәйкес жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13272 болып тіркелді);

8) Санитариялық қағидаларға сәйкес медициналық қызмет көрсету және алғашқы медициналық көмек көрсету;

9) «Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығына сәйкес тиісті бейін бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар педагогикалық құраммен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5750 болып тіркелді) және  «Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгілік штаттарын бекіту туралы»Қазақстан Республикасы ағарту министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 21 шілдедегі № 224 бұйрығына сәйкес штат саны (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33166 болып тіркелді);

10) № 12 бұйрыққа сәйкес мемлекеттік сатып алу веб-порталында тіркеу.

Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға үміткер ұйымдар электрондық форматта (ptr@sqo.gov.kz электрондық пошта мекенжайы) немесе қағаз түрінде хабарландыру орналастырылған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынады.

1) өтініш;

2) ұйым басшысының қолымен расталған бейнебақылау камераларын, дабыл батырмасын және дауыстық хабарлауды орналастыру схемасы;

3) Санитариялық қағидаларға сәйкес медициналық қамтамасыз етуді жүзеге асыруға арналған аумақтық алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымымен шарт;

4) педагогикалық немесе бейіндік білімі бар педагогтердің белгіленген үлгідегі білім туралы штат кестесінің және құжаттарының көшірмелері;

5) құқықтарды мемлекеттік тіркеу жүргізілгені туралы белгісі бар құқық белгілейтін құжат мемлекеттік білім беру тапсырысын игеру мерзімі аяқталғанға дейін жалға алу, өтеусіз пайдалану, сенімгерлік басқару шартының қолданылу мерзімі бар жылжымайтын мүлікке немесе жалға алу, өтеусіз пайдалану, сенімгерлік басқару құқығын растайтын құжат.

Петропавл қаласының білім бөлімі құрған комиссия мемлекеттік электрондық ақпараттық жүйелер арқылы алынған келесі құжаттардың бар-жоғын және жарамдылығын тексеруді жүзеге асырады («электрондық үкімет»  www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы):

1) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы анықтамалар және/ немесе қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама;

2) медициналық қызмет көрсетуге шарт болмаған кезде медициналық қызметке лицензиялар;

3) ұйымның санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды;

4) конкурсқа құжаттар берілгенге дейін бір ай мерзімнен ерте емес күнмен мемлекеттік кіріс органдарында есепке алу жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер.

Өткізу уақыты 2025 жылғы 3 маусым сағат 15.00-де.

         Өтетін орны – «Петропавл қаласының білім бөлімі» КММ СҚО, ҚР  . Конституция Қазақстан көшесі,23, 301 каб.

         Анықтама үшін телефон: 8(7152) 46-32-59.

 


Эссе Тасқұл Ақнұр Мақсұтқызы

 

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
 
Мен құзіретті ұстазбын, менің педагогикалық ұстанымым -  сабақта білімді  тек қана түсіндіріп, хабарлап, айтып қана қоймай, оқушылардың өздері ұғына  алатындай  көрсетіп, шабыттандыру. Сабақта оқытудың әдіс-тәсілдерін  түрлендіре  отырып қолдану. Қазіргі білім беру жүйесі  ұстаздардан  кәсіби икемділік пен ұтқырлықты, сан қырлы шығармашылық қызмет пен өзін-өзі басқару, өзін-өзі ұйымдастыру жағдайындағы біліктілікті қажет етеді.  Мен ойлаймын,  ұстаз  үнемі ізденіп,  жаңа  бір нәрселерді оқушыларға  көрсетіп  отырғанда  ғана құзіретті тұлға қалыптастыра  алады. «Сабақ –оқытушының педагогикалық мәдениетінің айнасы», - деп Сухомлинский айтқандай, әр сабақты ұйымдастыруда бар шеберлікті салғанда ғана жұмыс алға басады. Әйгілі  зерттеуші Выготский: «Дәстүрлі оқыту бала дамуына тек қондырғы  болып,дамуға стихиялы  әсер  етсе, яғни, дамудың  соңында  жүрсе, жаңаша оқыту дамытуды  өзімен бірге ала  жүреді» деген болатын. Сондықтан дәстүрлі оқытумен  шектеліп қалмай, дәстүрлі емес сабақтарды өткізуді дағдыға айналдырып  жүрмін. Сабақ  беру  барысында мынадай  талаптарды  басшылыққа  аламын: 1.Оқыту   кезінде  билік  жүргізу  әдісінен  арылу; 2.Оқыту  үрдісі кезінде   сабақтағы  басты  тұлға  мен  емес, осы  білімді қызыға  қабылдауға  дайын  оқушы  болуы  тиіс; 3.Балалардың оқуға  деген   ынтасын   күшейту; 4.Баланың дербестігін, белсенділігін күшейту; 5.Оқу, дамыту  жұмысын  ұтымды  жүргізу   үшін баланың  табиғи талабын, қасиетін  дер  кезінде айқындау.
Менің  өзекті мәселем қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда жаңа педагогикалық технология элементтерін  қолдану арқылы оқушылардың жазу, сөйлеу қабілеттерін, дағдыларын  дамыту, көркем сөйлеу дағдысы жетік құзіретті тұлға қалыптастыру.
Қазіргі білім беру жүйесінде жаңа технологияларды енгізу күннен-күнге басты талапқа айналып, осы әдістерді жетілдіре түсу кажеттігі күшейіп келеді. Оқу бағдарламасына жаңа үрдістер, жаңа оқу технологиялары көптеп енгізілуде. Атақты ғалым В.М. Шепельдің "Технология, бұл - өнер, шеберлік, іскерлік әдістердің жиынтығы, жағдайдың өзгеруі" деуі, бүгін жаңа технологиямен оқыту маңызын нақты айқындап тұр. Міне, осы жаңа заман талабына сай сабақтарымда жаңа технология элементтерін  пайдаланамын. Атап айтсам,  сабақты ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырудан бастап, оқушылардан кері байланыс алумен аяқтаймын. Әр сабақта технология мен әдіс түрлерін өзгертіп отыруды дағдыға айналдырудамын. Сабақта бағалауға көбірек мән беріп, оқушылармен бірге олардың білімдерін бағалаймын. Бірін-бірі бағалау, өзін-өзі бағалау т.б. Бағалау түрлерін қолданамын. “Сапалы сабақ- шәкірттің табысқа жету көзі” дегендей сабақта “Үштік одақ”, “Ақыл қалпағы”, “Ақыл картасы”, “Тақырыптық теннис”, “Биопоэма”, “Бұрыштар”, “РАФТ”, “Бес жолды өлең”, “Он сұрақ”, “Тыңдайтын үшбұрыштар” сияқты тағы да басқа әдістер мен оқыту стратегияларын кеңінен пайдаланамын. Мен үшін әр сабақ бір әлем болып табылады. Мұғалім білімді жай ғана хабарлап қана қоймай, баланың өздігінен білім алуына жағдай жасағанда ғана нәтижесін көре алады деп ойлаймын. Баланың шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін, сөйлеу дағдысы жетік тұлға қалыптастыру үшін әр сабақты дәстүрлі емес үлгідеөткізуге тырысамын.
 

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь