Меню KDT

введите текст

введите текст

книга   Өзекті
линия


         Онлайн-мектеп
  


загрузите изображение

block2_eop.jpeg?_=1592821338
<

введите текст

Список пуст


  

                                                              Жарияланған күні:2025 ж. 29.05

Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға арналған конкурс

 

Конкурстық рәсімдерді өткізу мерзімі ресми интернет-ресурста конкурс өткізу туралы хабарландыру мәтіні орналастырылған күннен бастап 25 (жиырма бес) жұмыс күнін құрайды, өтініштерді қабылдау «СҚО әкімдігінің білім басқармасы» КММ «Петропавл қаласының білім бөлімі» КММ хабарландыру жарияланған күннен басталады.

    Конкурсқа кем дегенде бір жыл мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету саласында жұмыс тәжірибесі бар және келесілерді қамтамасыз ететін ұйымдар қатысуға жіберіледі:

1) № 385 бұйрықпен бекітілген әлеуметтік-педагогикалық сыныптамаға сәйкес дамуындағы бұзушылықтар (есту, көру, тірек-қимыл аппараты, интеллект, сөйлеу қабілеті бұзылған, психикалық дамуы тежелген, қарым-қатынас және әлеуметтік өзара іс-қимылдың бұзылуы немесе қиындықтары (аутизм спектрінің бұзылуы), күрделі (біріктірілген) бұзылулары бар балалар) санаттары бойынша орындар саны осы қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішке сәйкес (әрі қарай  – Өтініш);

2) «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығына сәйкес шарттар (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23890 болып тіркелді) ( әрі қарай – Санитарлық ережелер);

3) «Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығына сәйкес шарттар (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелді) (әрі қарай – Өрт қауіпсіздігі ережелері);

4) Төтенше жағдайлар туындаған кезде ескерту (дабыл түймесінің, автоматты хабарлау жүйесінің, оның ішінде ішкі дауыстық хабарлау жүйесінің болуы);

5) «Террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыруға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 305 қаулысына сәйкес терроризмге қарсы қорғау (бейнебақылау жүйесінің болуы);

 6) ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы № 4 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26618 болып тіркелген) сәйкес ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған арнайы жағдайлар, Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және № 385 бұйрықпен бекітілген арнайы білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларының 4-тарауына сәйкес арнайы психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыру;

7) мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сонымен қатар арнаулы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы №70 бұйрығына сәйкес жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13272 болып тіркелді);

8) Санитариялық қағидаларға сәйкес медициналық қызмет көрсету және алғашқы медициналық көмек көрсету;

9) «Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығына сәйкес тиісті бейін бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар педагогикалық құраммен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5750 болып тіркелді) және  «Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгілік штаттарын бекіту туралы»Қазақстан Республикасы ағарту министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 21 шілдедегі № 224 бұйрығына сәйкес штат саны (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33166 болып тіркелді);

10) № 12 бұйрыққа сәйкес мемлекеттік сатып алу веб-порталында тіркеу.

Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға үміткер ұйымдар электрондық форматта (ptr@sqo.gov.kz электрондық пошта мекенжайы) немесе қағаз түрінде хабарландыру орналастырылған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынады.

1) өтініш;

2) ұйым басшысының қолымен расталған бейнебақылау камераларын, дабыл батырмасын және дауыстық хабарлауды орналастыру схемасы;

3) Санитариялық қағидаларға сәйкес медициналық қамтамасыз етуді жүзеге асыруға арналған аумақтық алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымымен шарт;

4) педагогикалық немесе бейіндік білімі бар педагогтердің белгіленген үлгідегі білім туралы штат кестесінің және құжаттарының көшірмелері;

5) құқықтарды мемлекеттік тіркеу жүргізілгені туралы белгісі бар құқық белгілейтін құжат мемлекеттік білім беру тапсырысын игеру мерзімі аяқталғанға дейін жалға алу, өтеусіз пайдалану, сенімгерлік басқару шартының қолданылу мерзімі бар жылжымайтын мүлікке немесе жалға алу, өтеусіз пайдалану, сенімгерлік басқару құқығын растайтын құжат.

Петропавл қаласының білім бөлімі құрған комиссия мемлекеттік электрондық ақпараттық жүйелер арқылы алынған келесі құжаттардың бар-жоғын және жарамдылығын тексеруді жүзеге асырады («электрондық үкімет»  www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы):

1) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы анықтамалар және/ немесе қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама;

2) медициналық қызмет көрсетуге шарт болмаған кезде медициналық қызметке лицензиялар;

3) ұйымның санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды;

4) конкурсқа құжаттар берілгенге дейін бір ай мерзімнен ерте емес күнмен мемлекеттік кіріс органдарында есепке алу жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер.

Өткізу уақыты 2025 жылғы 3 маусым сағат 15.00-де.

         Өтетін орны – «Петропавл қаласының білім бөлімі» КММ СҚО, ҚР  . Конституция Қазақстан көшесі,23, 301 каб.

         Анықтама үшін телефон: 8(7152) 46-32-59.

 


Педагогтің кәсіби қызметінің шығармашылық есебі   Маженова Меруерт Аблаевна Ағылшын тілі пәні мұғалімі

 
 
Мен жас мұғаліммін, бірақ жас та болсам, энтузиастпын, айналамды қоршаған әлемді өзгертемін деп сенемін, оқушыларымның тек қана мұғалімі ғана емес сонымен қатар олардың досы болғым келеді, олармен тығыз қарым-қатынас жасаймын, олармен ашық әңгімелесуге тырысамын, олардың өзіне деген сенімін арттыруға тырысамын. Мен өзімді белсенді мұғалім деп санаймын, өйткені мен тек қана сабақ берумен ғана шектеліп қана қоймай, мектеп қабырғасындағы барлық мәдени танымдық іс шараларға қатысуға тырысамын.
 
Мен – белсендімін, оқушыларыммен және ұжымымдағы мұғалімдермен әрқашанда жақсы қарым-қатиынас жасаймын, үнемі қозғалыста, кәсіби өсудемін.
 
Менің ойымша, жақсы мұғалімді анықтау критерийлерінің арасында өз пәнін жетік меңгеру және білу ең бірінші орында болады. Ал, екіншісі жаңа технологиялдар мен әдіс-тәсілдерден хабардар болу және соларды әрбір оқушының жеке дара қабілеттері мен мүмкіндіктеріне сәйкес келетіндей таңдай алуы. Сондықтан да мен өзімнің кәсіби біліктілігімді үнемі арттырып отыруға және де өз пәнімді тереңірек білуге тырысамын.
 
Менің болашаққа деген жоспарым- өзімді түбегейлі өзгерту, жаңашыл, жаңа формация мұғалімі болу. Мен ендігі кезде өзімнің жұмысымды осы жаңа әдіс-тәсілдерді және жаңа инновациялық технологияларды әрқашанда өзімнің тәжірибеммен ұштастыра жүремін. Бағалаудың жаңа түрлерін енгіземін, балаларды өздерін және құрдастарын, топпен бағалатамын, критерийлерді өздеріне жасатып, оларды әділ бағалауға, өзін-өзі реттеуге үйретемін. Бұрынғы Кеңес үкіметінен қалып қойған біздің дәстүрлік бағалау жүйеміз – көбінесе жазалауға ұқсайтын және бағалауды тек қана мұғалім жүргізетін, ал ендігі кезде жаңа әдіс-тәсілдер арқылы оқыту бағалауға мүлдем басқаша көзқарас тудырады. Мен бұл жүйемен толықтай келісемін. Менің ойымша бұдан кейін оқушылар бағаға мүлдем басқаша қарайды, және бұл бағалау түрлері арқылы жақсы баға алу үшін не істеу керектігін түсініп, жақсы баға алуға тырысады, ол дегеніміз оның оқуы да жақсарады.
 
Шетел тілін оқытудағы басты мақсат – оқушылардың коммуникатвтік дағдыларын дамыту. Олардың тіл тосқауылын жеңуі, шетел тілінде сенімді сөйлеуге үйрету сияқтыларды мен үнемі назарға алып жүремін. Мен бұл үшін әрине көп еңбек етемін, іздену үстінде боламын. Бұны жасау үшін әрқашан да балаларды зерттеп отырамын. Тек қана сабақтарымды беріп қана қоймай, енді әр сабағымды сабақа аяқталған соң талдап, әрқашан да зерттеу жұмыстарын жүргіземін. Сонда ғана мен жаңа формация мұғалімі боламын деп ойлаймын. Сонда ғана мен нағыз жақсы мұғалім деген атқа ие боламын. Өзіме талап қоя отырып, алдыма қойған мақсаттарыма міндетті түрде жетемін. Өзімнің айтқан сөзімде тұрамын. Оқушыларымды үлкен жетістіктерге жетелеймін. Оларға жаңа мақсат қойып, бұл мақсатқа жету жолын көрсетемін.

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь